Қос балуанымыз әлем чемпионатының алтынына таласады
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қос балуаны 20 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен екі балуанымыз алтын жүлде үшін белдеседі. 67 келі салмақта сынға түскен Юсуп Ашрапов Украина мен Грузия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түсті. Енді ол алтын жүлде үшін сында ирандық Ахмадреза Мохсен Нежадқа қарсы күреседі.
Сондай-ақ, 82 келідегі Ислам Евлоев та қарсыластарынан басым түсіп ақтық сынға шықты. Исламның жартылай финалдағы қарсыласы кілемге шықпай қалды. Енді ол финалда түркиялық Альперен Бербермен белдеседі.
Айта кетейік, бұған дейін қос балуанымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

