Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көру қабілеті минус 17 болатын қазақстандық азамат спортпен айналысып, университетте білім алады

23 жастағы Әнуар Ахметов – 2014 жылғы Параазиялық ойындардың бес дүркін чемпионы, мүгедек спортшылар арасындағы жүзу бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері. Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадада Қазақстан құрамасының туын көтеруші болған-ды.

d0c055a65b85ded7d023e61b4926560f

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Әнуар 2008 жылдан бері жүзумен айналысады. Көру қабілеті минус 17 болғанымен, бұл кедергі емес көрінеді. Тіпті спорттық жаттығуларды оқуымен қатар ала жүріп, Еуразия ұлттық университетінде дене шынықтыру мен спорт бойынша магистратурада білімін жалғастыруда.

– Паралимпиадашы Әнуар Ахметовтың күні қалай өтеді?

– Менің күнім таңғы 6.30-да басталады. Бірнеше сағат жаттығып, артынша түскі ас ішіп, университетке оқуға барамын. Мұнан соң – қайтадан жаттығу. Егер кешкілік сабақтар болса, қайтадан ЕҰУ-ға барамын. Өмірім күнделікті осы тәртіппен жалғасады.

– Бразилиядағы Паралимпиадада қола медальға бір табан ғана жетпей қалдыңыз. Қайтты уайымдадыңыз ба?

– Мен Риоға тек бір ғана мақсатпен бардым. Ол – бірінші орынды еншілеу. Сондықтан, тіпті, қола жүлде алған күннің өзінде, одан кем уайымдамайтын едім. Мен үшін екінші, үшінші орын да бірдей. Бірінші болмағандықтан, қандай айырмашылығы бар…

Жеңілістерді қалай еңсересіз?

– Мұндай жағдайлар қашан да ызаландырады. Жеңілістен кейін ашу-ыза, реніш те болады, жаным ауырады. Бұл дәл сол қуат, бірақ жағымсыз. Оны өзіңе пайдалы болатындай қолдана білу қажет.

Қандай жоспарларыңыз бар?

– Ең алдымен университетті тәмамдауым қажет. Бастысы – бүгінмен өмір сүру.

Талқылау