"Көршісі екеуінің арасында қарым-қатынас болды деп жатыр": Польшада қаза тапқан қазақстандықтың әпкесі істің жаңа мән-жайын айтты

Польшада қаза тапқан қазақстандық Екатерина Шилованың өлімі көпшілікті есеңгіреткен еді. Марқұмның әпкесі Ирина Геберт оның соңғы күндері, жоғалып кетуі және іздестіру барысы туралы жаңа деректер бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НПК | Народная партия Казахстана YouTube бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Иринаның айтуынша, Екатерина шамамен екі жыл бұрын Польшаға өз еркімен жұмыс істеуге кеткен. Ол бұл шешімін туыстарынан ұзақ уақыт жасырған.
"Ол үнемі “мұнда ақша таба алмаймын” дейтін. Демалыссыз жұмыс істеді, бірақ табысы жетпейтін. Ата-анама көмектесіп, үй алып бергім келеді дейтін. Біз қарсы болдық, бірақ ол бәрін өзі шешті. Польшада Екатерина кір жуатын орында жұмыс істеп, қосымша табыс көздерін іздеген. Барынша үнемдеп, ақша жинаумен айналысқан. Оның өмірі тек жұмыс пен үйдің арасында өтті. Демалыс күндері де қосымша жұмысқа шығатын. “Көбірек жұмыс істесем, көбірек табамын” дейтін. Қомақты қаржы жинап, елге алып қайтуды жоспарлады", – дейді әпкесі.
18 ақпанда Екатерина Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған. Сол күні таңертең туыстарымен байланысып, билет жіберген.
"Әкеме хабарласып, кешкі 23:00-де ұшатынын айтты. Ұшаққа отырған соң жазамын деді. Бірақ келесі күні еш хабар болмады. Телефондары өшірулі болды. Сол кезде күдіктене бастадым. Кейін Екатеринаның рейске тіркелмегені белгілі болды. Ал екі күннен соң оның телефонынан күмәнді хабарлама келген. Әке, мен Германияға жұмысқа кеттім” деп жазған. Бірақ ол ешқашан бұлай жазбайтын. Біз бірден бұл оның өзі емес екенін түсіндік. Сол сәттен бастап іздеу басталды", – дейді ол.
Іздеу жұмыстары 25 күнге созылған. Осылайша, күдік марқұм тұрған пәтердегі көршісі Сергей есімді ер адамға түскен.
"Ол және Татьяна Украина азаматтары. Екатерина олармен бірге пәтер жалдап тұрған. Біз ақша үшін жасалған болуы мүмкін деп ойлаймыз. Ол ірі соманы қолма-қол шешіп, пәтердегі сейфке қойғанын айтқан. Бірақ ол ақша табылған жоқ", – деді Ирина.
Екі аптадан кейін күдікті ұсталып, кейін марқұмның денесі жасырылған орынды көрсеткен.
"Алтыншы күні ол қай жерде екенін көрсетті. Бірақ бізге қалай, қайда өлтіргенін айтпай отыр. Барлығы тергеу құпиясы. Қазір отбасы марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу жұмыстарымен айналысып жатыр. Оны тезірек елге әкелгім келеді. Қырық күндігі жақындап қалды, әлі жерлей алмай отырмыз. Күдікті оқиғаны басқа қырынан көрсетуге тырысып жатқанын айтқан. Ол “араларында қарым-қатынас болды, бопсалады” деп жатыр. Бұл өтірік. Ол өте тұйық, сабырлы, ешкіммен артық араласпайтын, жаман әдеттері жоқ адам еді. Бар уақытын жұмысқа арнайтын", – деді ол.
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Отбасы әділ шешім шығарына үміттенеді.
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің әпкесі Қазақстанның Бас прокурорынан көмек сұрады
- Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды
Еске салайық, бұған дейін Польшада қазақстандық Екатерина Шилова жоғалып кеткенін жазған едік. Ол 18 ақпанда елге ұшуға тиіс болған, бірақ рейске мінбеген және содан бері байланысқа шықпаған. Телефонынан күмәнді хабарлама келген. Іс бойынша Польша полициясы іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, Қазақстан СІМ бақылауда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған