Көршілер әлдеқайда артта қалды: Қазақстан Орталық Азияда интернет жылдамдығы бойынша көш бастады
Әлемдік телекоммуникация нарығындағы ең беделді компания Ookla (Speedtest Intelligence) зерттеуіне сәйкес, Қазақстан Орталық Азияда және одан тыс жерлерде интернет жылдамдығы бойынша үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: depositphotos
Сарапшылар Еуразия аймағының кейбір елдерін, соның ішінде Орталық Азия елдерін зерттеген.
Есепке сәйкес, Моңғолиядан басқа нарықтағы барлық технологиялар бойынша мобильді деректерді жүктеп алудың медианалық жылдамдығы 2022 жылдың 4-тоқсаны мен 2024 жылдың 3-тоқсаны арасында біртіндеп жақсарған.
Сарапшылардың айтуынша, 5G енгізген немесе 5G енгізудің бастапқы сатысында тұрған нарықта интернет жылдамдығы айтарлықтай өскен.
Қазақстанның өзінде интернет жылдамдығы 2024 жылдың үшінші тоқсанында 53,26 Мбит/с болған. Бұл басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары, дейді. Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқылардың бірі болып коммерциялық 5G желісін іске қосты. Екі ұялы байланыс операторы Tele2 және Kcell бесінші буын желісін енгізіп жатыр. Екеуі де еліміздің ірі қалаларында өз желілерін белсенді түрде кеңейтіп отыр. 2024 жылдың маусымына дейін олар 20 қалада 1100-ден астам 5G базалық станциясын орнатты. Әрі қарай кеңейту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Қазақстаннан кейін үшінші тоқсанда интернетінің орташа жылдамдығы 41,36 Мбит/с болған Қырғызстан тұр. Өзбекстанда бұл көрсеткіш небәрі 38,96 Мбит/с жетті.
Фото: Finprom
Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы жоғары бәсекеге қабілетті. Нарықта Tele2, Kcell және Beeline сынды үш оператор бар. Олар еліміздің телекоммуникациясының дамуына үлкен үлес қосып, мобильді желіні кең қамтуды қамтамасыз етіп отыр.
Ұялы байланыс операторлары арасында Tele2 тағы да Қазақстандағы ең жылдам ұялы байланыс провайдері атанды. Барлық технологияларға арналған Speedtest Intelligence деректеріне сүйенсек, бұл оператордың орташа жылдамдығы 2024 жылдың бірінші жартысында 55,12 Мбит/с болды. Екінші орынға Kcell 48,70 Мбит/с жылдамдықпен орналасса, Beeline 27,94 Мбит/с жылдамдықпен үшінші орында.
Сонымен қатар, Астана және Алматы сияқты ірі қалаларда Tele2 жоғары интернет жылдамдығы рекордтық 78,55 Мбит/с және сәйкесінше 102,99 Мбит/с нәтиже көрсетеді. Бұл, ең алдымен, 5G-ні орналастыруға байланысты.
Сондай-ақ Tele2 Қазақстанның телекоммуникациялық секторының дамуының драйвері әрі Орталық Азиядағы ең жылдам ұялы байланыс операторына айналды.
Фото: Finprom
Видео сапасы бойынша Speedtest Intelligence Tele2 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда біріктірілген барлық мобильді технологиялар үшін ең жылдам медианалды бейімделу іске қосу уақыты болғанын көрсетеді: 2,03 секунд. Kcell сәл ғана артта қалды: 2,09 секунд. Beeline көрсеткіші 2,46 секунд болды.
Осылайша, халықаралық агенттік Қазақстандағы мобильді интернет дамуының жоғары деңгейін және оның аймақтағы жетекші орнын тағы да растайды.
Фото: Finprom
Айта кетейік, бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Кселл, Tele2/Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастағаны туралы жазған едік. Себебі аталған операторлар 2023 жылы тарифтердің бағасын өзара келісіп, көтеріп жіберген