Коронавирустан көз жұмғандардың саны 1900 адамға жақындады
Қытайда коронавирусқа байланысты туындаған пневманияның жаңа түрінінен қайтыс болғандардың саны 1870 адамға жетті. Тағы 3 адам ҚХР-дан тыс аумақта қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Коронивирус індетіне байланысты соңғы мәліметтерді China Global Television Network порталы жариялады.
Қазіргі уақытта әлем бойынша ауруды жұқтырған саны 73 328 адамға жетті. Олардың ішінде 72 528-і - Қытай тұрғындары, қалған 800-і - шетел азаматтары.
Сонымен қатар, Қытай ауруханаларынан аурудан12 552 адам айығып шықты.
Еске сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында басталды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"