Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавируспен ауырғандардың есте сақтау қабілеті нашарлайды: Ғалымдар мұның себебін анықтады

ковид

Фото: Pixabay.com

Калифорния университетінің ғалымдары  SARS-CoV-2 вирусы миға тез еніп, Альцгеймер сияқты аурулар тудыратынын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Genomic Press (GenPress) журналында жарияланған зерттеу коронавирустың салдарын көрсетті.

"Тәжірибе барысында COVID-19-дан мерт болған науқастардың көз тор қабығының тіндері мен діңгекті жасушалардан өсірілген зертханалық көз торының органоидтары зерттелді. Зерттеуде вирустың жасушаларға енуі үшін пайдаланатын екі ақуызға – нейропилин-1 (NRP1) және ACE2 ақуыздарына ерекше назар аударылды", – делінген зерттеуде.




Талдау нәтижелері NRP1 ақуызының бұрын COVID-19-бен ауырған науқастардың нейрондары мен глиалды жасушаларында белсенді түрде кездесетінін көрсетті. Бұл вирус миға, соның ішінде көз арқылы да ене алады. Сонымен қатар COVID-19-ға дейін деменция белгілері болмаған адамдардың миынан аурудан кейін нейродегенеративті өзгерістермен байланысты бета-амилоид ақуызының шөгіп қалуы анықталған.

"Зерттеу барысында NRP1 ақуызының жұмысын бөгейтін препарат қосылғанда, тіндердегі бета-амилоидтың концентрациясы өспейтіні байқалды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық COVID-19-бен ауырған кейбір адамдарда кездесетін “мидың тұмандануы” және басқа да неврологиялық салдарлардың алдын алуға көмектесетін жаңа емдеу тәсілдерін жасауға жол ашады", – деді ғалымдар. 

Еске салсақ, коронавирус жұқтырған адамдар 50% жиірек және ұзақ уақыт ауыратыны айтылған еді. 

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 27 Шілде, 2025 13:42
Талқылау