"Коронавирусқа қарсы дәріден" 44 адам көз жұмды
Метанол коронавирус инфекциясын болдырмауға және емдеуге көмектеседі деген қауесеттер Иранда кем дегенде 44 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News-ке сілтеме жасап.

Құрбандардың саны тез өсуде. Екі жүзден астам адам ауруханаға жеткізілді, ондаған адам көру қабілетінен айырылды. Өлгендер мен зардап шеккен ирандықтар коронавирусты жеңуге үміттеніп, құрамында метанол бар кез келген химикатты ішуге дайын болған, олардың ішінде антифриз, еріткіш және тіпті автомобиль жанармайы бар.
Бұған дейін Альборз қаласының прокуратурасының өкілі Мохаммад Агаяри адамдар ғаламтордағы жалған ақпараттарды оқып, метанол коронавирусқа қарсы тұруға көмектеседі деп сенген, дейді.
Иранда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 8042 адамға дейін өсті, ал 2731 адам қалпына келді, 297 қайтыс болды.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
Қазақстандық жайлы өмір үшін Занзибарды таңдаған: "Халқының жалақысы 30 мың теңге, азық-түлік Қазақстаннан екі есе арзан"
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”