Коронавирус он күн ішінде анасы мен үш ұлын өлтірді
Американың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласының тұрғыны және оның үш баласы он күн ішінде коронавирус жұқтыруы салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы The Mirror мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

86 жастағы Антуанетта Франклин және оның үш ұлы - 71 жастағы Герман Франклин кенже ұлы 58 жастағы Энтони Франклин және 61 жастағы Тимоти Франклин 20-30 наурыз аралығында қайтыс болды .
Жаңа Орлеан коронерінің кеңсесінде коронавирус сынағы барлық қайтыс болғандар үшін оң нәтиже көрсеткені туралы хабарланды.
Энтони Франклиннің әйелі Жаклин Франклин: "Егер бұл Франклин отбасында болған болса, кез-келген отбасында болуы мүмкін екенін әлем білсін деймін. Мұны байыпты қабылдайық. Менің балаларым әкесін, сүйікті әжесін және екі ағасын жерлеуге мәжбүр болды", - деді ол.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген