"Қорқытқым келді": Маңғыстаулық тіс дәрігері балаға дөрекілік көрсеткен себебін түсіндірді
Маңғыстау стоматологы Төлеген Мұхамбетов әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген видеоға байланысты өз нұсқасын айтып кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz басылымына сілтеп.
Жас пациентке қатысты дөрекі әрекет жасаған дәрігер өз кінәсін мойындады.
"Мен осы оқиға қатысты кінәмді мойындаймын. Баланың анасы мен халық алдында кешірім сұраймын. Осы оқиғаға қатысты өз айтарым бар. Төрт баласы бар ана облыстық стоматологияға келіп, мүгедек баласымен кезексіз қабылдауды сұрады. Мен оны кезексіз қабылдадым. Қабылдау барысында біз баланы креслоларға отырғыза алмадық. Сосын сырқа шығарып, қарындасына екпе жасап, екі тісін жұлып бердім. Содан кейін бала келді. Екінші рет кірді. Бала өте қорқып отырды. Оны анасымен бірге отырғыза алмадым. Мен оған: "балаңыз тыңдамайды, алып кетіңіз" деп айттым", - деді Төлеген Мұхамбетов.
Оның айтуынша, баланың анасы төрт баласымен тіс емдету үшін келгенін және дәрігер өз жұмысын жасамайынша кетпейтінін айтқан.
"Баланы кабинеттің сыртынан дайындауға тырысты. Содан кейін ол үшінші рет кірді. Видеодан оны қатты жұлқығаным көрініп тұр, бірақ ұрған жоқпын. Мен оны тыныштандырып, науқас тісін алып тастау үшін қорқытқым келді. Барлық халық пен баланың анасы алдында болған оқиға үшін кешірім сұраймын", - дейді тіс дәрігері Төлеген Мұхамбетов.
Стоматологқа қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында кішкентай пациентпен дөрекі қарым-қатынас жасаған дәрігер-стоматолог туралы пікір білдірді.
"Жас дәрігер-стоматолог Мұхамбетов Маңғыстау облыстық стоматологиялық клиникада екі жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін үздік бітірген. Жұмысына наразылық жоқ. Өте сауатты және білікті дәрігер. Кей уақытта тез көтеріліп, қызба мінез танытады",-деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"...Маңғыстау облысының барлық медициналық қоғамдастығы әріптестерінің-дәрігердің тиісті емес мінез-құлқын ешбір жағдайда қолдамайды. Мұндай медицина қызметкерлеріне біздің қатарда орын жоқ. Қосымша ақпарат қызметтік тексеру қорытындысы бойынша беріледі, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығында бақылау камераларынан дәрігерді баланы жұлқылап жатқан видеосы таралған еді.