Көркімен таңдай қақтырған моңғол қызы әлем бойынша супермодель атанды (фото)
Моңғолия елінің өкілі Алун-Гоо World Supermodel 2017 байқауының гран-при иегері атанды.
Бұл туралы asiarussia хабарлайды.
Алонгоо Тунгалагтамир тек өз категориясында жеңімпаз атанып қойған жоқ, жалпы конкурстың бас жүлдесіне де иелік етіп отыр.
World Supermodel байқауы 10-шы рет Макаода 21-28 мамыр аралығында өткізілген болатын.
Әлемнің әр түкпірінен жиналған сұлулар ең жоғарғы атақты алуға таласты.
Салтанатта шара соңында Алонгоо Тунгалагтамир конкурстың жалпы жеңімпазы атанып және жасөспірімдер санатында Гран-при алды.
Ал ересектер арасында Оңтүстік Африкалық Белинде Шредер жеңіске жетті.
Былтыр да моңғолиялық Т.Шинэтуяа өз категориясында шашасына шаң жұқтырмаған еді.
Оқи отырыңыз:
Бірнеше жыл бойы маньяктардың құлдығында болған қыздардың тағдыры (фото)
Тәттіден түбегейлі бас тартқан 70 жастағы әйел керемет дене бітімімен таңғалдырды (фото)