Қорғаныс министрлігі Қазақстанда әскерге шақырудан жалтарғандарға қылмыстық жауапкершілік барын ескертті

Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде “әскерден қалдыру” немесе “ақ билет” алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы тарады. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданады. Сондай-ақ әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері үшін делдалға да, әскерге шақырылушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
“Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы "мәселені шешіп беруге" кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын "әскери комиссариаттардың көмекшілерінің" айла-шарғыларына алданбауға шақырады”, – делінген хабарламада.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Сонымен қатар министрлік әскери қызмет әр азаматтың конституциялық борышы екенін еске салды. Бұған қоса, мерзімді қызмет жастарға білім беру жеңілдіктері мен гранттар алу, кәсіби дағдыларды меңгеру, дене дайындығын нығайту секілді нақты мүмкіндіктер беретінін алға тартты.
“Мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде және қызметтен босатылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметкерлер үшін кредиттік демалыс (несиелік каникул) беріледі. Белгіленген мерзімді толық өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері ұсынылады. Соның ішінде оларға студенттік жатақханадан орын алуға да басым құқық беріледі. Сондай-ақ жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ білім беру грантын алу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған сертификаттар мерзімді әскери қызмет өткерген 9 мыңнан астам қазақстандыққа берілді”, – делінген хабарламада.
Азаматтарды әскерге шақыру тәртібі
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі азаматтарды мерзімді қызметке шақыру ережесін түсіндірді. Азаматтарды әскерге шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Оны ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдар жауапты, ал шақырылушылардың тізімін қалыптастыру және шақыру қағаздарын табыстауды жергілікті әскери басқару органдары қамтамасыз етеді.
Азаматтар шақыру комиссиясының шақыру қағазы бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті. Оны жеке табыстау мүмкін болмаған жағдайда азаматтардың келуін ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
“Медициналық тексеруді жергілікті денсаулық сақтау органдарының мамандары өткізеді. Олар азаматтың әскери қызметке жарамдылық санатын анықтайды. Заңды негіздер болған жағдайда мерзімді әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату мүмкіндігі беріледі. Ал басқа жағдайларда азаматтар мерзімді әскери қызметке жіберіледі. 18-27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ ер азаматтар әскерге шақырылады. Шақыру жылына екі рет – наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі”, – делінген хабарламада.
Ведомство азаматтарды тек заңды механизмдерді қолдануға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімге байланысты мәлімдеме жасағаны хабарланған еді.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды