Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әскерде қаза тапқан ұлдары үшін митингке шыққан аналарды полиция ұстап әкеткен

Видеодан скрин

Астанада әскерде қаза тапқан ұлдары үшін митингке шыққан аналарды полиция ұстап әкеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ-та журналистер кеткеннен кейін аналарды полиция ұстап әкеткені туралы ақпарат тарады.

Астана қалалық полиция департаменті ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

"10 қараша күні Астанада азаматтарды қабылдау орталығының маңында рұқсат етілмеген акция ұйымдастырылған. Қатысушыларға заң талаптары бірнеше рет түсіндірілді және прокуратура өкілдері мен полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бейбіт жиындарды өткізу тәртібін бұзуға болмайтыны туралы ресми ескерту жасалды. Дегенмен, қатысушылар бұл ескертулерге жауап бермеді. Сондықтан заңмен қарастырылған шаралар қабылданды”, – делінген полиция хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, әскердетқаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардцң отбасыларына қатысы жоқ, провокациялық мақсатпен келген бірнеше азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Акцияға қатысқан әскерде қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналарына алдын алу әңгімесі жүргізіліп, оларға заң нормалары түсіндірілді, содан кейін олар үйлеріне жіберілді”, – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Астана әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шыққаны туралы жазған едік. Марқұм сарбаздардың аналары күні бойы министрлік ғимаратының алдында тұрған.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 21:50
Талқылау