Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру": Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке қатысты петицияларға түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі еліміздегі мерзімді қызметтің күшін жою туралы ұсыныстарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қорғаныс министрлігі 

Министрлік конституцияға сәйкес "Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті" екенін атап өтті. 

"Мерзімді қызметтің күшін жою бүкіл мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді және сыртқы қатерлер туындаған жағдайда өз аумағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды. Әкімшілік кодекске сәйкес, “қорғаныс” тақырыбы петиция нысанасы бола алмайды. Бұл бастама – мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру", – делінген министрлік хабарламасында. 

Сондай-ақ министрлік Қазақстан әскерінің негізгі әлеуеті келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилерден құралатынын атап өтті. 

"Қазақстан 70-30 арақатынасын сақтай отырып, келісімшарттық қызметке басымдық береді. Еліміздің жауынгерлік әлеуетін негізінен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметкерлер қамтамасыз етеді. 30% мерзімді қызметке шақырылған сарбаздар. Мерзімді қызметтегі сарбаздар қызмет барысында әскери қызметтің қарапайым дағдыларын меңгереді, жауынгерлік жағдайда әрекет етуді, оқ атуды, жауынгерлік машиналарды басқаруды үйреніп, физикалық және моральдық жағынан шыңдалады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін ePetition.kz ресми порталында Қазақстандағы әскери қызметке қатысты екі петиция пайда болған еді. Біреуінде қазақстандықтар мерзімді қызметтен бас тартуды ұсынса, екіншісінде – әскерге шақыру жасын 18 жастан 20 жасқа дейін ұлғайту ұсынылды.

Талқылау