Қорғаныс министрі тағы бір лауазымға тағайындалды
Еліміздің қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тағы бір жоғары лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып тағайындалды.
Министрдің жаңа қызметке тағайындалғанын қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының кезектен тыс отырысы Астанада өткен.
Кезектен тыс отырыс кезінде министр Руслан Жақсылықовтың дзюдодан кеңес одағының спорт шебері, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері екені айтылды.
Бұған дейін Руслан Жақсылықов әйелі түскен бейнебаянға пікір білдірген еді.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған