Көрермен алдында сүйіктісіне сөз салған жайдарманшы Данияр үйленді (фото)
Жайдарманның “Арал-ас” тобы арқылы танылған Данияр шаңырақ көтерді.

Ойын кезінде көрермен алдында сүйіктісіне сөз салған әзілкеш шаңырақ көтерді. Данияр дүйім жұрттың алдында бала күнгі ғашығына деген сезімін білдіріп, залға жиналған көрерменді тәнті еткен еді. Сүйіктісі оған келісімін берген болатын.

“Той керемет болды. Тойға алыс-жақыннан келген барша аға-іні бауырларға алғысымыз шексі. Тек тойда қауышайық. Данияр, Мөлдір, бақытты болыңдар!”, – деп жазды әзілкеш Ғалым Махамбетов желіде.

“Бақытты болыңыздар! Жұптарыңыз жазылмасын”, “Бірге қартайыңыздар! Берекелі отбасы болыңыздар”, – дейді желі қолданушылар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды