Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көре тұра, ешкім көмектеспеген": Алматы облысында соққыға жығылған қыздың анасы қазақстандықтарға жүгінді

Алматы облысында Боралдай ауылында екі әйелден оңбай таяқ жеген қыздың анасы қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұрып тастаған

Айтуынша, оқиғаны ешкім байқамай қалғаны - ақылға қонымсыз дүние. Жәбір көрген қыздың анасы кінәлілер көп ұзамай қолға түсетініне сенімді екенін жеткізді. 

"Көп адамдар менің өзімді кінәлауда. Айтуларынша, мен қызымды дұрыс тәрбиелемеген екенмін. Бірақ ересек әйелдер қызды аямай, жатқызып алып, басынан ұрғаны қай сасқандары? Олар қызымның басы қанап, ұрмаңыздаршы деп жалынса да, тепкінің астына алуын тоқтатпаған. Сонда әлгі 35-40 жастағы әйелдердің мас болып көшеде жүруі, баланы соққыға жығуы тәрбиеліктің көрінісі ме?" - дейді қыздың анасы. 

Бұған қоса, ол әйелдердің қайда екенін білетіндерге жүгінді. 

"Мен өз сөзім үшін жауап беремін. Менің қызым не айтса да, ол менің тәрбием. Баламда жұмыстарыңыз болмасын. Мен бұл істі аяғына дейін алып барамын. Келесі жолы мұндай жайттың қайталанбасына кім кепіл? Ал кінәлілерді танығандардан олардың қайда екенін полицияға айтуларыңызды сұраймын", - деді келіншек. 

Зардап шеккен қыздың айтуынша, ол құрбысымен бірге аялдамада отырған. Осы кезде өтіп бара жатқан көліктегі әйелдер оқушыларға ауыздарына келгенді айта бастаған. Қыздар да қалыспай, оларға да ауыр сөздер айтқан көрінеді. 



"Көлік тоқтай қалып, ішінен бір әйел жүгіріп келіп, басымды аялдаманың қабырғасына соғып-соғып жіберді. Сосын басымнан жұдырықпен тағы ұрып, үлкендерді сыйлау керек деп айқайлады", - деп жазады оқушы қыз. 

Оның басынан аққан қанды көрген әйелдер қаша жөнеліпті. Сөзінше, жанжалға себеп болған көлікте отырғандар. 

Анасының айтуынша, жол кептелісінде тұрған көліктегі адамдар не болып жатқанын көрген. Тіпті, біреулер видеоға да түсіріп алыпты. Бірақ көмекке ешкім келмеген. 

Қазір қыз бала дәрігерлердің бақылауында. Оған бас сүйегінің жарақаты диагнозы қойылған. 

Еске салсақ, бұған дейін екі әйел аялдамадағы қызды соққының астына алғаны айтылған еді. 

Талқылау