Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі артынша отбасылық достары зорлаған
Видеодан скрин
Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі артынша, отбасылық достары зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Руслан Өтепбайдың Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленуші қыздың анасы Айманның күйеуі қайтыс болған. Әйел қызымды әуелі күйеуім артынша, отбасылық достарымыз зорлады дейді. Күйеуінің қызын зорлағанын білгеннен кейін Аида арыз жазбақ болған. Алайда күйеуі өзіне қол жұмсап, көз жұмыпты. Айман күйеуінің ерсі әрекетін байқап қалған, алайда қызы да күйеуі де мұны жоққа шығарғаннан кейін мән бермепті. Оқиға туралы екі айдан кейін бірақ білдім дейді әйел.
“Қызымды осыған дейін мен үйде жоқ кезде туған әкесі зорлаған. Оқиғаны естігеннен кейін құзырлы органдарға жүгінбек болдық. Сол кезде күйеуім өзіне өзі қол жұмсап қайтыс болды. Артынша жаңағы туыстарым барлығын біле тұра зорлаған. Екінші қызым талма ауруына шалдыққан. Ауруханада жүрген кезде, әкесі зорлаған. Қалған балаларым білмеген. Кейіннен мен күдіктене бастадым. Екі үйіміз бар. Бір күні үлкен қызым, екінші үйде ұйқтап жатқан еді. Қорқып қалмасын, менің жаныма келіп жат деп айтпақ болып бөлмесіне бардым. Сол кезде күйеуімнің қызымды шешіндіріп жатқанын көремін. Сол уақыттан бастап, мен шу шығарып, арыз жазамын деп жатқанда күйеуім өзіне қол жұмсады”, – дейді Айман.
Айманның 15 жастағы қызы да оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
“Үлкен үйде туған әкем зорлады. Жазда үлкен үйге барып ұйқтап қалған едім. Әкем достарымен ішіп, кетіп қалған. Әкем түнде келіпті. Мен әкемнің келгенін білмедім. Түнгі бірлер шамасында оянсам, жанымда әкем тұр екен. Менің үстімде киім жоқ, толық шешіндіріп тастаған. Бесінші, алтыншы сынып кезінде әкем қолымен тиісіп жүретін. Анама айтайын десем, әкем теуіп, қорқытатын. Ол кездері анам түнде жұмысқа кететін, әкеммен қалатынбыз. Ол кезде алтаумыз. Бәріміз бір бөлмеде жататынбыз. Түнде әкем келіп тисетін, сүйіп, құшақтап. 14 жасымда әкем зорлады. Ол кезде көмек сұрамақ болғанмын. Мен қорқтым, әкем бетімнен бір қойды. Сөйлейін десем, ұратын. Анам барлығы біткеннен кейін келді”, – дейді қыз.
Оқиғаны бәрі білгеннен кейін әкесі қызды кешірім сұрау үшін қонақ үйге шақырған.
“Қонақ үйге шақырды. Қонақ үйдің алдында тұрдым, өзін далаға шақырдым. Ол күте тұр, мен қазір келемін, бөлмеге кіре бер деді. Мен кірмедім. Бөлмеде емеспін, жай ғана сөйлесеміз, қазір тамақ алып келемін деді. Басында қарсы болдым, тиіспеймін деп өтінген соң, екінші қабатқа көтерілдім. Бөлмеде екен, душтан шықты. Маған кір деді. Жылап кешірім сұрады. Құшақтап отырды. Кетемін деп сөмкемді алып жатқан кезде тағы да зорламақ болды. Мен бар күшімді жинап, итеріп жібердім. Қашып шықтым. Бірақ дәлізде мені ұрды. Әкімші әкемді ұстап алды, мен қашып шықтым. Сосын қонақ үйдегілер полиция шақырды. Оны естігенде әкем қашып кетті. Мен түсініктеме жаздым, кейін әкемнің өзіне қол салғанын білдім”, – дейді қыз.
Бұл оқиғадан кейін Айманның кәмелетке толмаған қызын, ерлі-зайыпты достары үйлеріне апарып зорлаған көрінеді.
“Жеңіс пен Аида есімді таныстарым бар еді. Отбасыларымызбен жақсы араласып жүрген адамбыз. Екеуі үйге келіп, ұлдарының жарысына жанкүйер керек деген сылтаумен 15 жастағы қызымды сұрап алып кеткен еді. Ары қарай үйлеріне апарып, күштеп ішімдік беріп, зорлағанын білдім. Әйелі мен күйеуі бірге зорлаған. Қызымды срапатамаға апардық. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күйеуім қайтыс болғаннан кейін, балаларымды сұрап алып кетіп жүрді. Мен оларға сендім. Қызым келген кезде көңіл күйі болмады. “Тағы да үйін жинатты” деп айтты. Басқа ешнәрсе айтқан жоқ”, – дейді Айман.
Оқиғаның қалай болғанын жәбірленуші қыздың өзі айтып берді.
“Аида үйге қонаққа келді. Анам екеуі ішті. Кейін күйеуі хабарласып, алып кетемін деп айтты. Артынша күйеі келді. Аида күйеуінің көзінше мені мамамнан сұрап алдым. Екінші сіңлім бірге барамын деп жылаған соң мен үйіне бармайын деп ойлағанмын. Бірақ қоймай алып кетті. Мені жұлқып далаға шығарып жіберді. Мен барғым келіп тұрған жоқ, бірақ мамам жіберді. Үйіне бардым, телефон қарап отырдым. Аида телефонымды тартып алып, әңгіме айтайық деп өзінің жанына қойып алдық. Жаныма отырып екі стаканға арақ құйып, стаканды қолыма берді. Мен ішпеймін дедім. Ол маған ұрсты, қолыма стакан беріп, мені ұрсқан соң, іше салдым. Төрт стакан ішкізді. Мас болдым, бірақ қатты емес. Үстелдің үстіне ұйқтап қалыптым. Екінші қабатқа көтеріп апарып, жерге жатқызды. Бір шығып, бір кіріп жүрді. Ағаң екеуміз келеміз, сен қорықпа деді. Бес минуттан кейін екеуі тыр жалаңаш кіріп келді. “Сезім біз папаңның істегенін ұмыттыру үшін істеп жатырмыз, сен үшін істеп жатырмыз, әйтпесе күйеуіммен жатқызбайтын едім” деді. Сосын Жеңіс деген үстіме отырып алды. Мен жылай бастадым. Мен құтылмақ болдым. Екеуі екі жақтап шешіндірді. Жеңіс маған тиісе бастады”, – дейді қыз.
Аудандық полиция бөлімінің басшысы оқиға бойынша қылмыстық істің қозғалғанын, сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. Ерлі-зайыпты күдікті деп танылған. Алайда екі күдікті де қазір бостандықта жүрген көрінеді. Полицияның мәліметінше, оларды қамауға алу үшін сараптама қорытындысы шығуы қажет екен.
Еске салсақ, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқар ата ауылының Борлысай мектебінде 2-cынып оқушысы зорланды деген ақпарат тараған еді.

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
