Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат: Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады (видео)

Желіде Қордай маңында орын алған жантүршігерлік апат орнында түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат: Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады (видео)

Видеоны куәгерлердің бірі түсірген. Кадрларда аударылып қалған жолаушылар автобусының төбесі опырылып кеткен көрінеді. Сондай-ақ, апат орнында жолаушылардың заттары шашылып жатыр. 

 

Еске сала кетсек, бүгін, 20 сәуірде Алматы-Ташкент тасжолында ауыр жол апаты болды. "Тойота камри" маркалы көлік сол бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігіне соғылды. Тасжол бойында апатқа ұшыраған көліктердің артынан келе жатқан автобус оларға соғылмайын деп әрекеттеніп, салдарынан жолдан шығып құлап кеткен. 

Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 29 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары бар. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр