"Көптен күткен перзент": Ақын Ақберен Елгезек сәбилі болды

Танымал ақын, қаламгер Ақберен Елгезек пен келіншегі Дина Елгезек нәрестелі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол өзін құттықтағандардың ақ тілегін жариялады.
“Балапандарыңыздың бауы берік болсын. Өте қуаныштымын”, “Ханшайымыңыздың бауы берік болсын”, “Нәресте көз қуаныштарыңыз болсын”, – деп жазған олар.
Ақын қызының есімін Айшасұлу деп қойған.
“Ардақты аға, аяулы жеңгей! Алла тілектеріңізді қабыл етіп, көптен күткен перзенттеріңіз – Айшасұлу есімді періште қыздың дүние есігін ашуы шаңырақтарыңызға шексіз қуаныш, нұр мен береке алып келсін”, – деп жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін “Меломен” тобының мүшесі алғаш рет балалы болғаны хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"