Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік күнделікті қолданып жүргенімен, не үшін қажет екенін нақты білмейтін 10 зат

Біздің әлеміміздің ғажайып екені, көп нәрсені біле бермейтініміз рас. Тіпті, беймәлім тайпа, алыстағы джунгли емес, күнделікті қолданып жүрген заттарымыздың нақты не үшін қажет екенін біле бермейміз. Бұл орайда тұрмыста пайдаланылып жүрген заттардың құпиясын ашып, көпшілік біле бермейтін қырлары туралы мәлімет ұсынамыз.

Бас киімдегі домалақ шашақ. Күні бүгін бас киімдегі домалақ шашақ аксессуар ретінде белгілі. Алайда оның шығу тарихы XVIII ғасырға тән. Франция теңізшілері кемедегі аласа палубаға басын соғып алмас үшін, домалақ шашақты қалпақ киетін болған. Мұнан кейін бұл бұйым әскери киімдерден де орын ала бастады. Ол уақытта әскери кіимдегі домалақ шашақтың түсі пен пішіні арқылы қатардағы сардарды офицерден ажыратуға және оның қай полктің құрамында екенін аңғаруға болатын.

Chupa Chups таяқшасындағы төртбұрышты саңылау. Көпшіліктің пікірінше, балалар сүйсініп жейтін Chupa Chups таяқшасындағы төртбұрышты саңылау тәттіні жұтып қойған жағдайда тыныс алу үшін қажет . Алайда бұл қызметті таяқшаның өзі атқара алады. Ал ондағы төртбұрышты саңылау тәттіні ұстап тұру үшін керек. Chupa Chups жасау кезінде таяқшаны сұйық күйдегі тәттіге салып алады. Осы кезде таяқшадағы саңылау бірінші болып толып, нәтижесінде тәттіні берік ұстап тұрады.

Шалбардың қыры. Әу баста шалбардың қыры сән үшін салынбаған. XIX ғасырдың соңында тігін фабрикалары өндірілген өнімнің көп бөлігін экспорттайтын болған. Сондықтан кемеге бірден көп тауарды сыйғызу үшін, киімді қатты нығыздайды. Салдарынан шалбарда пайда болған қырдан бірден арылу мүмкін болмаған екен.

Әйелдерге арналған іш киімдегі «қалташа». Әйелдер іш киімінің ішкі қабаты жұмсақ матадан тігіледі. Бұл қосымша мата дененің интимді мүшелерінің денсаулығын сақтау үшін қажет. Себебі бүгінде іш киім тігуге қолданылатын матаның барлығы сапалы емес. Ал іш киімнің ішкі қабатына жұмсақ матаны тіккен кезде, оның екі шетін де ішке қайырып тігу мүмкін емес. Сондықтан іш киімнің бұл тұсы қалташа сияқты көрінеді.

Иыққаптағы былғары ромб. Қазіргі уақытта «тұмсықша» аталып кеткен бұл зат аксессуар ретінде қабылданады. Алайда бұған дейін саяхатқа шықөан адамдар иыққаптағы былғары ромбтан арқан, жіп өткізіп, қажетті заттарды байлап қоятын болған.

iPhone смарфтонындағы камера объективі мен жарқылдақ құрылғының арасындағы саңылау. Смартфондағы бұл кішкентай саңылаудың микрофон екенін көбі біле бермейді. Ол дыбыс жазу кезінде артық шуды басып, Siri көмекшісіне түрлі акценттерді тануға мүмкіндік береді.

Heinz кетчуптерінің шыны құтысындағы «57» саны. Бәлкім сіз құтыдағы «57» санын кетчуп аталған маркасының дизайны немесе құрамындағы заттардың саны деп ойлаған боларсыз. Алайда кетчупты қолданған кезде ол құтыдан дұрыс құйылмайтын болса, дәл осы санның үстінен алақаныңызбен ұрып көріңіз.

Контейнер суреті мен сандық белгі. Кез-келген косметикалық заттың сыртында контейнер суреті мен 6M, 12M немесе 24M түрінде сандық белгі болады. Бұл таңба өнімнің ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімін білдіреді.

Көліктің артқы жағын бақылауға арналған айнадағы тетік. Бұл тетіктің көмегімен жүргізуші түнгі уақытта артында келе жатқан көліктің жарығынан көзін сақтай алады. Көліктің артқы жағын бақылауға арналған айнада екі жабын болады. Ондағы тетік арқылы айнадағы жабынды ауыстыра аласыз.

Оқи отырыңыз:

Пицца жеткізуші тамақтың бетіндегі заттарды білдірмей жеп жүргені видеоға түсіп қалды (видео)

Әйеліне сатқындық жасап ұсталып қалған жігіт көңілдесін қуыршақ деп алдап, ұятқа қалды (видео)

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың денесін мемлекет елге әкелетін болды

Сайрамда молда мешітте өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Талқылау