Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілігі екпе алмағандар: Ақмола облысында көкжөтелмен ауыратындар саны 7 есеге өскен

Ақмола облысында көкжөтелмен ауыратындар саны күрт өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gemotest.ru

Санитарлық дәрігерлер мұндай көрсеткіштерді балаларға жоспарлы екпе жасатудан бас тартумен байланыстырады. Қазір облыста ауруды жұқтырудың 62 жағдайы тіркелсе, оның 41-і ресми түрде расталды.


"Диагноз қоя алмады": Қарағандыда көкжөтелден көз жұмған баланың ата-анасы дәрігерлерді кінәлады


"Науқастардың 83% екпе алмағандар, оның 55% екпеден бас тартқандар. Медициналық жеңілдіктерге байланысты жеті бала екпе алмаған. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге және пента- және гексавакцинді вирустық гепатитке қарсы егу жұмыстарының көрсеткіші 62% құрайды. Бұл ДДСҰ ұсынған қажетті көрсеткіштерге жетпейді", – дейді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда балалар арасындағы көкжөтел ауруы 20 пайызға артқаны туралы жазған едік. 

Талқылау