Өскеменде көп балалы аналарға 8 наурызға орай ақшалай көмек берілмек
Өскеменде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай көп балалы аналарға қаржылай көмек берілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратт агенттігі Аltaynews.kz порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік көмек төрттен астам бала тәрбиелеп отырған аналарға берілмек.
"Сонымен қатар, қаржылай көмек бұған дейін "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдары, "Ана Даңқы" орденімен марапатталған және "Батыр-ана" атағын алған әйелдерге тағайындалады. Төлем сомасы 5 АЕК-ні (14 585 теңге) құрайды", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы өкілдері.
Мемлекеттік жәрдемақы 8 наурыздан кейін берілмек. Қаржылай көмекті алу үшін "Қазпошта" ұйымына жеке куәлікті алып бару қажет.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды