"Көп әйел алуды заңдастыру керек": Сенатор Абзал Құспанның ұсынысына пікір білдірді
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның көп әйел алуды заңдастыру туралы ұсынысы қоғамда қызу талқыға түсті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда бұл құбылыс заңмен тыйым салынғанына қарамастан, іс жүзінде бар, ал оны заңдастыру әйелдердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенат депутаты Жанна Асанованың айтуынша, неке институты Конституцияда нақты бекітілген, онда неке – ер мен әйелдің одағы екені көрсетілген. Сондықтан басқа пікірлер жекелеген адамдардың жеке көзқарасы.
Асанова қазіргі зайырлы неке жүйесін сақтауды жөн санайтынын, ал көп әйел алушылықты қолдамайтынын айтты.
"Мен неке қатынастарының зайырлы болуын қолдаймын", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан көп әйел алуды заңдастыру туралы айтқан болатын.
Талқылау