Конституция төңірегіндегі фейкке тосқауыл: Ішкі істер министрлігі қатаң ескерту жасады

Әлеуметтік желіде Конституция жобасына қатысты жалған әрі арандатушылық ақпараттың таралуы жиілеген. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып, заң бұзғандар жауапқа тартылатынын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, қоғамдық кеңістікте, соның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты фактілерді әдейі бұрмалау және жалған мәлімет тарату деректері тіркеліп отыр. Мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.
Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны интернетте жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алып тасталды деген жалған ақпарат таратқан. Ішкі істер департаментінің басшысы Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және оларды жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ресми түрде жоққа шығарған. Осыған байланысты азамат жауапқа тартылды.
"Сондай-ақ Абай облысы Семей қаласының тұрғыны жаңа Конституция жобасында мемлекеттің унитарлығы мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін түзетулер бар деген жалған ақпарат жариялағаны үшін жауапқа тартылған. Аталған қағидаттар жаңа Конституция жобасында керісінше тікелей бекітіліп, күшейтілген", – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің Конституция жобасын талқылау, азаматтардың өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі заң бұзушылық болып саналмайтынын атап өтті. Жауапкершілік тек көрінеу жалған ақпарат тарату және фактілерді әдейі бұрмалау үшін көзделеді.
Қазір азаматтарды жаңылыстыруға және қоғамдық ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған өзге де жалған ақпарат тарату фактілері анықталып жатыр. Ведомство өкілдері азаматтарды арандатуға ермеуге, тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырды. ІІМ мәліметінше, көрінеу жалған ақпарат тарату мен арандатушылық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқан қазақстандық жауапқа тартылды
-
Қандай жағдайда қазақстандықтар азаматтығынан айырылады: Конституцияда көрсетілді
Еске салайық, бұған дейін елде жаңа Конституцияның жобасын бұрмалап желіге тарататындарға қатаң жаза қолданылатынын жазған едік. Жиынға үкімет өкілдері мен облыс әкімдері қатысты. Премьер-министр министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен әрі түсінікті түрде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді