"Көңілім қалды": Тамара Дүйсенова Астанада өткен тәжіктердің көрмесіндегі қазақстандықтардың әрекетіне қатысты пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанадағы EXPO алаңындағы Тәжікстан өнімдерінің көрмесінде қазақстандықтардың әрекетіне көңілі қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, бірнеше адамның әрекетіне қарап, барша халықты жаман деп бағалау орынсыз.
"Шынымды айтсам, менің де көңілім қалды. Біз, қазақстандықтар, өз мәдениетімізбен, толеранттылығымызбен ерекшеленіп, өзімізді қалай ұстау керегін білетін халықпыз. Бізде бәрі жаман деп айта алмаймын. Сол жерде болғандардың бәрі өзін орынсыз ұстаған жоқ қой. Кейбір адамдар ғана солай істеді. Өзімізбен жұмыс істеуіміз керек. Мұндай нәрсе бізде ғана емес, басқа елдерде де бар. Қазақстандықтар ретінде біз өз еліміздің имиджіне де жауапты екенімізді түсінуіміз керек", – деді Дүйсенова.
Осыған дейін Астанадағы тәжік жәрмеңкесі өткені хабарланды. Астана әкімдігі Тәжікстанның көрмесіндегі тұрғындардың әрекетіне қатысты пікір білдірді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"