"Көңілге тиіп жатыр": Мирас Жүгінісов ағасы Рүстем үшін кешірім сұрады
Фото: https://www.instagram.com/zhugunussov.mj/
Танымал хитмен Мирас Жүгінісов Ақтөбедегі мешітте болған жанжалға қатысты пікір білдіріп, басы дауға қалған ағасына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялады.
“Соңғы күндері ағамның айтқан пікірі қоғамда үлкен резонанс тудырып, кейбір жандардың көңіліне тиіп жатыр. Ол өз ойын білдірген жеке тұлға. Мен өз жолым, өз ұстанымым бар адаммын. Мен отбасымның әр мүшесін құрметтеймін, бірақ олардың жеке көзқарастары менің ойыммен әрдайым сәйкес келе бермейді. Сол үшін де кейбір кезде мәселелер туындайды. Оларды осылай айтып отырамын деп ойламадым. Не айтқым келгенін сіздер түсініп отырсыздар”, – деп бастады әңгімесін әнші.
-
Атыраулық блогер сақалды ер адамдар туралы айтқан сөзі үшін айыппұл арқалады
-
"Ауғанстанға көшіп кет": Баян Мақсатқызы мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке ашуланды
Сөзінше, әндерінің дені нәзік жандыларға арналғандықтан, әрқашан қызға құрмет көрсету керек екенін естен шығармаған.
“Менің шығармашылығым адамға құрмет жайлы. Нәзік жандыларға арналған әндерім де бар. Өйткені әйел адамның орны менің өмірімде ерекше. Бұл жағдайдан көңілі қалған барша жаннан кешірім сұраймын. Сіздердің сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды”, – деп жазды Мирас.
Айта кетейік, Ақтөбеде мешітте ер адам қызға тиісіп, бір реттік некеге тұруға ұсыныс білдірген еді.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
