Түркияда қонақүй иесі туристердің картасынан 30 миллион доллар ұрлаған

Фото: AP Photo/Ghaith Alsayed
Түркияда ірі алаяқтық схемасы анықталды. Полиция мәліметінше мұның салдарынан шетелдік туристердің картасынан 30 миллион доллардан аса қаржы ұрланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Anadolu агенттігінің дерегіне сәйкес құқық қорғау органдары 20 адамды ұстаған. Ал алаяқтық схемасын Кушадсы аймағындағы қонақүйлердің бірінің иесі ұйымдастырған.
Тергеу анықтағандай қонақүй месі клиенттердің жеке дерегін басқа қонақүйлер мен көлік жалға беретін компанияларға ұсынған. Ал туристер кеткен соң олардың кредиттік картасын әрі қарай қолданып, ақша алып отырған. Күдіктілердің кейбірі шетелге шығып, картадағы ақшаны түрлі жолмен шешіп алған.
Полиция 286 шетел азаматының алаяқтардың құрбаны болғанын жеткізді. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді