Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қонаққа баруды да азайтып, ақша жинадық”: Қазақстандық әйел 6 айда үйлі болудың құпиясын бөлісті

 

Үйлі болу үшін жылдап қаржы жинауға болады. Немесе көп күш салмай, аз уақыттың ішінде жайлы баспананың кілтін алу мүмкіндігі де бар. Біздің кейіпкеріміз Айнагүл де көп уақыт құртпай, тиімді шартпен шаңырағына қоныстанған қазақстандықтардың бірі. Stan.kz тілшісімен тілдескен Айнагүл Хамзина аз уақытта қалай үйлі болғанын және қандай ережені ұстанғанын айтып берді.

Айнагүл Хамзина – Орал қаласының тұрғыны. Бір жылда баспаналы болуды мақсат еткен кейіпкеріміз жолдасымен ақылдасып, нақты жоспар құрған. Нәтижесінде 6 айдың ішінде қажетті соманы жинап, "Отбасы банктегі" аралық заеммен өзі қалаған бір бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. 

"Күйеуім Отбасы банктегі есепшотын 10 жыл бұрын ашқан. Бірақ уақытында ақша салмаған. Сөйтіп 2025 жылдың қаңтарында мен де өз атымнан шот ашып, жыл соңына дейін өз үйімізде отырамыз деген мақсат қойдық. Отбасы банкке көп рахмет. Кеңес сұрап барғанымда менеджер барлығын түсіндіріп, қадам-қадамына дейін айтып берді. Сондай-ақ Отбасы банктің Instagram-парақшасын үнемі бақылап отырдық. Осылайша жаңалықтардан құр қалып қалмауға тырысатынбыз", – дейді Айнагүл.

айнагүл хамзина

Алты айда үйлі болу үшін Айнагүл артық шығындарын қысқартып, Отбасы банкке табысының басым бөлігін салып отырыпты. Ал үй алар кезде күйеуінің шотын өзінікімен қосып, біріктіріп жіберген.

"Күйеуімнің шотында шамамен 1,5 миллион теңге ғана болған. Керек соманың қалған бөлігін жарты жылда жинап үлгердік. Бастысы алдыға мақсат қою екен. Содан кейін Отбасы банктен шот ашып қойған дұрыс. Себебі артық ақшаңды салып отырсаң, үйлі болу мүмкіндігің де жоғары. Баспаналы боламыз деп мақсат еткен соң басқа ипотекаларды мүлде қарастырмадық. Өйткені Отбасы банктің шарттары ең тиімді екенін білдік. Қазір достарымызға да ақша жинауға кеңес беріп жүреміз", – дейді ол.

отбасы банк аралық заем

Аралық заем деген не?

Аралық заем – Отбасы банк ұсынған ипотека түрі. Аталған несие жинақ мерзімі үш жылдан кем болса, бірақ үй бағасының 50%-ы қолыңызда болса ғана рәсімделеді. Негізгі шарттары:

аралық заем шарттары

Айта кетері, Аралық заем бойынша бастапқы жарна депозитке 3 жыл толғанға дейін қолданыста болады. Кейін тұрғын үй заемы шарттарына ауысып, несие мөлшерлемесі 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%- дейін).

Сонымен қатар депозитке аударған тұрғын үй құнының 50%-ы кепіл болып есептеледі. Сәйкесінше басқа депозиттегідей оған да банк сыйақысы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы қосылады. Сөйтіп кепілге қойған қаржыңыз табыс алып келеді.

Аралық заемсыз үй алу үшін қанша уақыт кетеді?

Аралық заемның артықшылығы – қолыңда үй құнының жартысы болса, ұзақ күтпей-ақ несие алуға болады. Дегенмен ақша Отбасы банктегі депозитте 6 ай мерзімінде жатуы керек. 

Егер аралық заемсыз үй алғыңыз келсе, депозит мерзімін де күту керек. Мысалы, үй бағасы 25 миллион теңге делік. Ай сайын 300 мың теңгені Отбасы банкке салу арқылы сіз 3,5 жылда үй бағасының жартысын жинай аласыз. Енді нақты мерзімін салыстырып көрейік:

отбасы

отбасы

Назархан Уән
Жұма, 21 Қараша, 2025 09:30
Талқылау