Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қонақүйге шақырып, дәрі берген жоқ": Жанқош Тұраровтың әйелі спортшымен қалай танысқанын айтып берді

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса жолдасымен танысқан сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/klarita_os/

Блогер келіншек оқырмандарының қойған бірнеше сұрағына жауап берді. “Жанқошпен қалай таныстыңыз?” деген сұраққа кеңінен тоқталды. 

“Instagram әлеуметтік желісі арқылы таныстық. Бір жарым жыл телефонмен сөйлесіп жүрдік. Кейін кездестік. Қонақүйге шақырған жоқ. Дәрі берген жоқ. Алғашқы кездесуіміз бір жарым жылдан кейін мейрамханада болды. Төрт жыл таныстықтан соң шаңырақ көтердік. Екі жарым жыл қыз бен жігіт болып жүрдік. Үйленуге ұсыныс жасады”, – деп жауап қатты блогер келіншек. 



Еске салайық, “Боксшыдан зорлық көрдім” деген Әнару Құрманәліге қатысты Клара Иса өз шындығын айтқан еді. 

“Түнімен, Құдайдың құтты күні Әнарудан осындай қоңыраулар келеді. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсетуі тіпті ұят әрі аянышты. "Зорланған ару" есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз. Біз полиция шақырып, сау емес жағдайына қарап, ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып, аяп отырмыз. Бұл – ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой. Әуелден қияли қыз сияқты деп Жанқошты тоқтатып отырмын, – деген еді боксшының әйелі.

Талқылау