"Қонақүйде тұрғандай сезінеміз": Мерей Абилова су жаңа пәтерін көрсетті
Фото: Видеодан скриншот
Танымал блогер Мерей Абилова су жаңа пәтерін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы жеке парақшасында үйінің видеоларын бөлісті.
“Жаңа үйімізге қош келдіңіздер! Бәріңізге жұғысты болсын! Әне-міне деп пәтерімізге көштік. Үйдің көлемі 182 шаршы метр. Сіздерді кіреберіс пен үлкен айна күтіп алады. Өзімізден бөлек келетін қонақтарымыздың да жағдайын жасауға тырыстық. Оларға арналған ұйықтайтын бөлме, қол жуатын жер бар. Байқасаңыздар, үйдің ішіндегі жиһаздардың бәрі сұр түсті. Өйткені біздің қызымыз кішкентай. Бала болғасын заттарды кір қолдарымен ұстайды. Негізі, дизайнердің көмегіне сүйендік. Қонақүйде тұрғандай сезімде болғымыз келді. Ойымызды дизайнерге айтып едік, бірден жасауға кірісті. Байқасаңыздар, қонақүйдің атмосферасын береді. Жақындарымызды шақырып қоныстой жасап жатырмыз. Асүйге үлкен шкаф алдым. Өйткені қонақ шақыратын болғасын ыдыс-аяқ көп керек. Артық заттарды сақтайтын арнайы бөлме де жасаттым”, – деді Мерей.
-
"Әкемнің қазасынан кейін босандым": Мерей Абилова жанына батқан ауыр сәтті есіне алды
-
"Армандар картама жабыстырдым": Мерей Абилова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі үйге оң баға беріп жатса, енді бірі көңілдерінен шықпағанын айтты.
“Үйімнің ремонтын өзгерткім келді”, “Қанша ақша кетті екен?!”, “Шаңырақтарыңа береке кірсін”, “Іші жанға, сырты малға толы берекелі үй болсын! Әр қазағыма осындай үй бұйырсын”, “Үйде ұсақ-түйек, артық заттар көп сияқты”, “Залының дизайны арзан көрініп қалды”, “Барлығы талғаммен, әдемі әрі сәнді жасалған”, – деп жазды көпшілік.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
