Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қонақүйде түнеп жүрген": Төрт ай бұрын тұрмысқа шыққан блогер күйеуінің былығын әшкереледі

Фото: Жеке парақшадан алынды

Атышулы блогер Салтанат Аманқосқызы жеке өмірінен сыр шертіп, ажырасып кеткенін ресми жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, блогердің енесінің "Баламды ренжітпе!" деген тілегі мемге айналып, қызу талқыға түскен еді.  

"Бір түсінгенім, жаратқаным мені қатты жақсы көреді екен. Дер кезінде адамдардың қандай екенін көрсетсе де, жүрегім “мүмкін өзгерді, тәубесіне келді” деп ақтап ала беретін. Оны бар кемшілігімен қабылдап, айналасындағы бүкіл адамды жылы қабақпен қарсы алып, жақсы көзбен қарап жүрген мен ақымақ екенмін. Сөйтсем, мені сөзбен алдап, өзі түнімен қонақүйлердің табалдырығына қыздарын сүйреп жүрген екен ғой. Видео-фотоларын көрмейінше сенбеп едім. Көргеннен кейін көзімдегі көзілдірігім шешілді. Ниетіне қарай көреді. Менің көңілім ақ, оған берген асым адал болған. Сезім мен сенімді таптап кетті. Мен бір рет жапқан есікті екінші рет ашпаймын. Осымен енді ол адам туралы сұрамаңыздар. Өмірімнен сызып тастадым", – деп жазды блогер. 



Блогердің сөзінше, жүктілігіне қарамастан, бірнеше күн бойы күйзелістен ұйықтамаған көрінеді. 

“Бесінші күні ұйқы жоқ. Ұйықтай алмаймын. Не дұрыс тамақ та жеп жүргенім жоқ. Жасымның бәрі жиналып қалғандай, тек тоқтамай көзден жас аға береді. Жасаған бар жақсылығыма берген жауабы осы ма деп қалдым. Көзімнің айналасы қарайғанынан белгілі болып тұрған шығар. Жүкті кезде ауыр тиеді екен. 5-10 минуттық ләззат үшін аманатқа қиянат жасай салу оңай болғаны ма?! Айтарым қалмады. Мен тікелей эфирде тауар сатып тұрғанымда, ол басқа қыздардың қойнында болған екен”, – деді желі жұлдызы. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 15 Қазан, 2025 14:26
Талқылау