Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаевта студент қызға несие алғызып, ұрып өлтірген: Қылмыскерлерге сот үкімі шықты

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қонаевта 18 жастағы студент қызды айуандықпен өлтірген екі ер адамға қатысты үкім шығарды. Сотталушылардың қылмысқа пайдакүнемдік мақсатпен барғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу барысында анықталғандай, биыл 6 наурызда сотталушылар жәбірленушімен ортақ досы арқылы танысқан. Ол қызға уақытша баспана беруді сұраған. Сөйтіп олар Алматыда пәтер жалдап тұрды, бірақ екінші күні пәтердің ақысын төлеуге қаражаты таусылған. Олар студент қызды "iPhone 13 Pro" телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеп, кейін оны қайта сатып алып беретінін айтқан.

Телефонның ақшасын алғаннан кейін олар жәбірленушіні банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 435 мың теңге несие алуға көнідіреді. 12 наурыз күні айыпталушылар телефонды ломбардтан қызға айтпай сатып алып, оны 240 мың теңгеге сатып жіберген. Одан түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жәбірленуші телефонын қайтарып беруді талап ете бастағанда сотталушылар қарызды қайтармау үшін қызды өлтіруді ойлаған. Наурыздың 15-іне қараған түні олар жәбірленушіні Қонаев-Қазақстан жолының 36-шақырымына апарып, оны өлгенше битамен ұрып-соққан. Кейін денесін өртеп жібермек болған. Студент қыз ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 



Сот қылмыскерлерді 17 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, 21 наурызда екі күдікті тергеу сотына бұлтартпау шарасына санкция беру үшін ұсынылды және сот шешімімен олар қамауға алынды. Күдіктілердің қылмыстық әрекеттері кісі өлтіру бабы бойынша, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өзімшіл ниетпен басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасауы бойынша сараланады.

Іс 99-шы бап бойынша қозғалған. Заңға сәйкес, енді екеуі де 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, НеМолчи қорының басшысы Динара Смайылова Қонаев қаласында 18 жастағы студентті бірнеше ер адам қатігездікпен өлтіргенін айтты.

Талқылау