Қонаевта сот мысықты теуіп өлтірген ер адамның бас бостандығы жарты жылға шектелді (видео)
Қонаевта сот мысыққа қатігездік танытқан ер адамға қатысты сот шешімін шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның әрекеті қаладағы дүкендердің біріне орнатылған бейне бақылау камерасына түсіп қалған.
Мас күйде болған ол бала ойнап отырған мысықты теуіп жіберген. Қабырғаға соғылған мысық сол жерде өліп қалған.
"Сот прокурорды қолдады. Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігі (Жануарларға қатігездікпен қарау) бойынша бас бостандығын 6 айға шектеу жазасы тағайындалды", – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде марғауды ұрған кішкентай қыздың видеосы қызу талқыға түскен еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі