Компания тарихындағы ең жұқа смартфон: Apple су жаңа iPhone 17 мен iPhone Air-ды ұсынды
Фото: Apple/iPhone 17/ iPhone Air
Apple компаниясы дәстүрлі түрде жыл сайынғы жаңа өнімдерін таныстырды. Компания өз тарихындағы ең жұқа смартфонды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жылдың басты жаңалығы – iPhone Air смартфоны. Титаннан жасалған оның корпусының қалыңдығы небәрі 5,6 миллиметрге тең. Компания iPhone Air-ды өз тарихындағы ең жұқа смартфон деп атады. Смартфон Super Retina XDR дисплейімен, Ceramic Shield 2 қорғанысымен және A19 Pro процессорымен жабдықталған. Бұл үлгіде физикалық SIM-карталар толық алынып тасталып, тек eSIM қолданылады. Бағасы 999 доллардан басталады.
iPhone 17-нің өзі 6,3 дюймдік дисплеймен жабдықталған. Оның жаңарту жиілігі 1-ден 120 герцке дейін жетеді, ал ең жоғарғы жарықтығы – 3000 нит. Смартфон жаңа Apple A19 процессорымен жұмыс істейді. Компания деректеріне сәйкес, ол алдыңғы буыннан 20% жылдам. Құрылғыда әрқайсысы 48 мегапиксельдік екі камера бар және смартфон бес түсте қолжетімді. iPhone 17 желісінің базалық моделінде үлкейтілген экран бар, ал iPhone 17 Pro – Apple смартфондарының ішінде ең сыйымды аккумулятормен жабдықталған. Бұған қоса, Pro және Pro Max модельдерінде құрылғының жұмыс уақытын ұзартатын жаңа салқындату жүйесі пайда болды.
Фото: Apple
Жаңа айфондардың бағасы АҚШ-та 429 мың теңгеден басталады.
Сондай-ақ таныстырылымда көрсетілген Apple Watch-тың үш жаңа моделінің бағасы – 249 доллар. Теңгеге шаққанда 133 мың теңгеден асады. Жетілдірілген шуды азайту жүйесі мен лезде аудару функциясы бар AirPods Pro 3 құлаққаптарының құны – 250 доллар, яғни, 134 190 теңге.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
