"Комиссия жүр": Оралда өзін педагог ретінде таныстырған алаяқ оқушының телефонын алып кеткен
Оралда өзін педагог ретінде таныстырған алаяқ оқушының телефонын ұрлап кеткен. Ол мектепте тексеріс болып жатқанын айтып, ұстауға болмайтынын ескертіп, оқушы телефонын алып алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

26 жастағы әйел мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде өтіп бара жатқан 4 сынып оқушысын тоқтатып, педагог ретінде өзін таныстырған. Мектепте комиссия мүшелері жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын, кейін оқушыларға қайтарылатынын айтып ұялы телефонын өзіне алған. Күдікті бейнекамераға түсіп қалған.
“Алаяқтың әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Күдікті ретінде 26 жастағы әйел ұсталды. ҚР ҚК 190 бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр”,- делінген хабарламада.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"