Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жіпті байлаудың алты тәсілін қараған": Ақмола облысында көз жұмған оқушының интернеттен не іздегені анықталды

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауылда асылып өлген 14 жастағы қыздың, өзіне қол жұмсамас бұрын, интернеттен нұсқаулық іздегені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: shutterstock

Прокурорлар қыз көз жұмбас бұрын интернеттен қарапайым жіпті байлаудың алты тәсілі мен оңтүстіккореялық манхваны оқығанын анықтаған. Онда кейіпкерлер параллельді әлемде жаңа денеде қайта туылып немесе өткен өмірін қайтадан өткізу мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, Who Made Me a Princess манхвасының кейіпкері романнан шыққан ханшайымның денесіне реинкарнацияланып, өз тағдырын өзгертуге тырысады.

"Эксперттер қандай да бір әрекеттерді орындауға мәжбүрлейтін 25-кадрдың адамның мінез-құлқына ықпалын анықтап жатыр. Өзін өзі өлтіруге үндейтін белгілердің бар болуы себепті Аршалын аудандық прокуратурасы алдын ала тергеуді бастады", – деді Ақмола облысының прокуроры Руфат Куттуков.

Генеральды прокуратура ата-аналарды және қамқоршыларды балалардың гаджеттерді пайдалануын бақылауға шақырды. Тек оның уақытын шектеп қана қоймай, сұраныстардың тақырыбын да тексеру қажет дейді мамандар.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап көз жұмған еді. Оқушылардың суицид жасау себебі аниме кітап, интернет ойындары болуы мүмкін. Бұл туралы марқұмның туыстары баяндады. Тұрғынның сөзіне сенсек, осы оқиғадан соң, ата-аналар арасында мына оқулықты балаңыз оқымасын, “қадағалаңыз” деген хабарламалар тарап кетіпті. Онымен қоса, қыздар өлімді романтика ететін кітаптар мен telegram каналдарға тіркелгені айтылған. 

Талқылау