"Көмектеспегеніме ренжіп қалды": Жазира Байырбекова жақсылық жасарда сақ болуға шақырды
Танымал әнші Жазира Байырбекова жақсылық жасауға қатысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қайырымдылық жасауды міндеттейтін адамдардың көптігіне налитынын жасырмады.
“Адамға жақсылық жасарда да абай болу керек екенін түсіндім.
Сен кімге көп жақсылық жасайсың, сол сенің жауыңа айналуы мүмкін” дейді зерттеушілер. Бір досымыз бейтаныс көпбалалы отбасына жиі көмектесіп жүріп, тоқтаған ғой. Ол отбасындағы әйелдің әпкесі хабарласып "сенің басың істей ма? Көмектеспегеніңе көп болыпты. Аш отыр деп ойламайсың ба?" деп ұрсыпты”, – деп жазды әнші.
-
"Орыс визажист қабылдамай қойды": Жазира Байырбекова шу шығарды
-
"Итті атқанша, мені ат": Жазира Байырбекова бала күніндегі қызық оқиғасын бөлісті
Сондай-ақ өзі де жақсылық жасамағаны үшін сөз естіп қалатынын жасырмады.
“Менің басымда да ондай жағдай көп болды. "Мен өз бала-шағамды өзім асырап жүрмін" деп менен көптен көмек алмағанына ренжіп жүргендер де бар.
“Жақсылық жаса да ұмыт” дейді. Бірақ ұмытуға мүмкіндік бермей қоятындар ше?! Айналаңызда біреу маған міндетті деп өмір сүретін масылдық психологиямен жүретіндер бар ма?!”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
Еске салайық, әнші келін болып түскен кезін есіне алған еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген