Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Командасына сабақ болды”: Федерация Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылған соң мәлімдеме жасады

Кәсіпқой бокс федерациясының президентіФото:Stan.kz collage

Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков өзінің Instagram парақшасында пікір білдірді.

Оның айтуынша, Жәнібек Әлімханұлының IBF чемпиондық белбеуінен айырылуы боксшының командасы үшін үлкен сабақ болуы тиіс.

"Федерация президенті ретінде айтарым, бұл жағдай Жәнібектің командасы үшін үлкен сабақ болды. Дегенмен, ол биыл үлкен рингке бұрынғыдан да мықты болып оралады деп сенемін. Жәнібек алдағы уақытта әлемнің төрт негізгі чемпиондық белбеуін де жеңіп алады", – деді Ерденбеков.

Сондай-ақ ұйым басшысы Жәнібектің командасы бұл жағдайға байланысты апелляциялық шағым түсіргенін де жеткізді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың 2 желтоқсанында допинг дауына іліккен.


Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулынан айырылды


Жәнібек Әлімханұлының ағзасына тыйым салынған зат қалай түскені анықталды


Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың желтоқсан айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс еді. Алайда VADA жүргізген допинг сынамасынан мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды. Даулы оқиғадан кейін Жәнібек Әлімханұлы бір жылға спорттан шеттетілді.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлының иелігінде тек WBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуі ғана қалды. WBO ережесіне сәйкес, шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін Жәнібек уақытша чемпионмен міндетті жекпе-жек өткізуі тиіс.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 11:16