Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Комаға түсті: Анасы үшін дұға жасауды сұраған Бағлан Әбдірайымов жұртты алаңдатып қойды

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов анасының денсаулығы туралы айтып, көпшіліктен тілекші болып, дұға жасауын сұрады, деп жазады Stan.kz.

Комаға түсті: Анасының денсаулығы туралы айтқан Бағлан Әбдірайымов жұртты алаңдатып қойды

Әншінің сөзінше, екі күн бұрын ауруханаға жеткізілген анасы комаға түсіпті.

«Бір апта бұрын анамның қан қысымы көтеріліп, есін жоғалтып, жедел жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізілген. Ести сала ауылға ұшқам. Анаммен жүздесіп, көңілім орнына түскен.

Екі күн бұрын ауруханада тағы сол жағдай қайталанып, жансақтау бөліміне түсті. Есин жиды да, қайта ұйқыға (кома) кетті. Содан бері Алладан жәрдем сұрап, жанымызды шүберекке түйіп жүрміз», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Айтуынша, анасы анасының өмірі үшін барын салып күресіп жатыр.

«Алматы, Шымкент дәрігерлері қолдан келгенін айтып, бар күшін салуда. Әзірге орнынан қозғалтуға болмайтынын қатаң ескертіп, анам Түлкібас ауданында орталық ауруханада жатыр. Кішкентай қара домалақ анамның жағдайы осы», – дейді Әбдірайымов.

Сондай-ақ, Бағлан Әбдірайымов көпшіліктен анасының денсаулығы үшін дұға етіп, тілекші болуын сұрады.

«Сіздерден несін жасырайын… Неше түрлі ойға шомылып қорқыныш билеп жүр. Анасыз өмір сүру қандай қиын. Ағайын, көп тілеуі қабыл болады. Тілекші болыңыздаршы!» – дейді «Жігіттер» тобының мүшесі.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің анасы үшін дұға етіп, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілесіп жатыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау