Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолыңыздағы ақшаның шын немесе жалған екенін айырудың 3 әдісі (фото)

Қазақстанда көбінесе 2 және 1 мың теңгелік ақшалардың көшірмесі көп жасалады екен. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

акша

Қазақстанда ұлттық валюта – теңгенің сапалы қолдан жасалу үлгілері жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Тоғжан Әбішева хабарлады.

“Барлық қолдан жасалған үлгілер түрлі-түсті принтерлерде және кәдімгі офсеттік қағазда жасалады және оларды арнайы касса техникасы арқылы оп-оңай анықтауға болады. Банк терминалы мұндай банкнотты қабылдамайды, себебі техника арқылы тануға болатын арнайы белгілер бойынша танып біледі”, – деп атап өтті Т. Әбішева.

“Негізінен орта номиналдағы банкноттарды қолдан жасайды, себебі олар айналыста кеңінен таралған және оларға баса назар аудармайды. 2016 жылы Ұлттық Банктің сарапшылары 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік 261 банкнотты (анықталған қолдан жасалған банкноттардың жалпы санынан 28%), 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік 155 банкнотты (анықталған қолдан жасалған банкноттардың жалпы санынан 16%) анықтады”, – деп нақтылады ол.

c3c6703360622b4ec72e9652822ecd2e

Айтуынша, теңгені көбінесе лазерлік принтерді қолдана отырып қолдан жасайды екен. Бір бөлігі түпнұсқа, ал екіншісі ағынды принтерде басып шығарылған екі желімделген бөліктен тұратын қолдан жасалған банкноттар сирегірек кездеседі.

“Бұл ретте ағынды принтердің көмегімен басып шығарылған банкноттың бөлігінде ультракүлгін қорғаныш болмайды, ал жарыққа тосып қараған кезде екі бетін желімдегеннен айқын із көрініп тұрады, – деп атап өтті.

Ол сондай-ақ номиналы 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қолдан жасау жағдайларының орын алғанын хабарлады. “Самұрық” құсы түріндегі сутамғы белгісі банкноттың сырт жағынан негізінен трафаретпен ақ бояумен салынды. Сонымен бірге СПАРК қорғаныш элементінің барыстың қанаты және көгершіннің бейнесі түрінде салынуы кездесті, ол түпнұсқа банкноттың көлбеу бұрышын ауыстыруға орай түсін өзгертуге тиіс. Әрине, қолдан жасалған банкноттарда мұндай әсер болмайды”, – деді Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі.

0000000

“1000 теңгелік жалған банкноттарда сырт жағынан «ОПТИКС» қорғаныш элементін салу үшін қағазда ойып алынған терезе айқын көрінеді. Бұдан басқа, қорғаныш жібін салуға тырысқан кезде түпнұсқа ақшада болуға тиіс бояу ауыстыру әсері мен жазба жоқ”, – деп толықтырды ол.

Ұлттық Банкте жалған теңгені анықтау үшін «Сезін-қара-аударып көр» әдісі туралы айтып берді

“Алдымен банкнотты сезіну қажет. Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Бұл банкнотты шығаруға жасалған арнайы қағаз. Барлық банкнотқа банкноттың өзіне бедер беретін арнайы мөр қойылған. Бұл – саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын шығыңқы жоғары бедерлі элементтер”, – деді Т. Әбішева.

1e23593b56d3df2386054959f1eac0d9

Қараған кезде ақша белгісі таза ма, қарама-қарсы немесе лас емес пе, дақтары, аққан бояулары бар барлығына мұқият мән беру керек. Сол сияқты қағаздың бетінде жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде көрінетін, жазуы бар пунктирлер – тұтас магнитті және үзік-үзік (металл) жіпті көру қажет.

cad40619d446168088c831c7b4ce4a9b

Соңғы әдіс – “Аударып көр”. “Банкноттарда түсі өзгеретін арнайы бояумен салынған бейнелер болады, банкноттарды аударған немесе көлбеу бұрышын өзгерткен кезде олардың түсі жасыл түстен алтындатылған түске дейін өзгереді. Әңгіме СПАРК элементі жайында болып отыр”, – деп түсіндірді Ұлттық Банк өкілі.

Талқылау