Колумбия есірткіні өндіру мен тұтынуды заңдастырды
Мұндай шара медициналық мақсатта іске асырылған. Есірткінің марихуана деп аталатын түрін өсіріп, пайдалануға рұқсат беретін құжатқа ел президенті Хуан Мануэль Сантос қол қойды.
Оның айтуынша, заң бойынша марихуананы өндірушілерге жоғары талаптар қойылады. Кәсіпорындар бірден бірнеше лицензия алуы тиіс. Бұл құжаттарды есірткі заттары жөніндегі ұлттық кеңес пен денсаулық сақтау министрлігі береді. Жергілікті есірткіге қарсы қызметтің мәліметі бойынша, қазір елде 400 гектардай заңсыз қарасор алқабы бар.
“Марихуананы емдеу мақсатында заңдастыру туралы шешім жергілікті медицинаға әртүрлі дерттермен тиімді күресуге мүмкіндік бермек. Биліктің бұл ұйғарымы халықаралық қауымдастық алдындағы есірткі айналымын бақылауға қатысты міндеттемеге қайшы емес”, – дейді Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос.
Талқылау