Көлсайда шомылған Павел Дуров үшін ұлттық парк қызметкерлері тергелмек
Видеодан скриншот
"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне контент үшін емес, ондағы темір шыбықты алып тастау үшін шомылғанын айтып ақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Тамаша жүздім" деп Көлсайдағы видеосын жариялаған Павел Дуров қызу талқыға түсті. Алайда бұл видеодан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Көлсайда шомылуға тыйым салынғанын айтып, Дуров жазаға тартыла ма деп сұрады.
Кейін ол судан зат алып тастау үшін осындай әрекетке барғанын айтты.
“Көлсай түбінен үшкір темір шыбықты байқап, алып тастадым”, – деді ол.
"Қазақстан "жар базары" емес": Феминист Айгерім Құсайынқызы Павел Дуровтың қалжыңын сынады
Енді оған айыппұл салынбайды екен. Керісінше ұлттық парк қызметкерлерінің үстінен қызметтік тергеу басталды.
Еске салсақ, Павел Дуров Қазақстанда заңды қалай бұзғанын көрсеткен видео жариялаған еді.
Жақында Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өткен еді. Бұл форумға Павел Дуров та келіп, AI-зертхана ашты.

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
