Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кәсіпкерлер есепшотынан қолма-қол ақша шешу үшін қаржының қайда жұмсалатынын көрсетуге міндеттелмек

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда бизнес субъектілерінің есепшоттарынан қолма-қол ақша шешуі бойынша жаңа ережелер енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен қаржы министрлігі бірігіп "кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттарынан қолма-қол ақша алу ережелері" деп аталатын құжат әзірледі. Жаңа өзгерістер қолданыстағы нормаларды жаңа Салық кодексіне сәйкес жаңартады. 

Енді компаниялар мен жеке кәсіпкерлер қолма-қол ақша алғанда оның нақты мақсатын, яғни қаржының қайда жұмсалатынын көрсетуге міндеттеледі. 


Көлігін 71 миллион теңгеден қымбатқа сатқан қазақстандықтарға қосымша салық салынады

Жаңа Салық кодексі: Қазақстанда пәтер сату қиын әрі қымбат болады


Жоба авторларының айтуынша, жаңа ережелер қолма-қол ақшаның пайдаланылуын бақылау мен ашықтығын арттыру үшін енгізілемек. Ереже салық органдары мен банктерге қаржы қозғалысын жақсырақ түсінуге және оны кәсіпкерлер жүргізетін қаржылық есептілікпен салыстыруға мүмкіндік береді.

Бұл қолма-қол ақшаны көлеңкелі операцияларда қолдануды азайтып, салық төлеуді бақылауды жеңілдетеді деп күтіледі. 

Жобаны 2026 жылдың алғашқы тоқсанында енгізу жоспарланып отыр. Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа ереженің бизнеске де, экономикаға да теріс әсері болмайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың жаңа Салық кодексіне қол қойғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 20:11
Талқылау