"Қолыма алтын сағат тақты": Қарақат Әбілдина халық әртісі Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Қарақат Әбілдина халық әртісі Мақпал Жүнісоваға қатысты осыдан 20 жыл бұрынғы естелігін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әріптес-әпкесінің қандай сыйлық бергенін де айтты.
“Оқу аяқтап диплом алған жыл еді. Қыдекең екеуміздің кішкентай шаңырағымызға үлкен бастарын иіп Зәкең мен Мақпал апамыз, көзі тірі Мадина Ералиева апамыз құтты болсын айтып келген еді. Сол кезде Мақпал апам қолыма алтын сағатын тағып, “менің жолымды берсін!” деп батасын бергені бар. Ең алғашқы алтын сағатымды Мақпал апамнан алған баға жетпес сыйлық ретінде әлі сақтап келем”, – деді әнші.
-
"Бір үйден екі адамға берілмейді": Қарақат Әбілдина мемлекеттік марапатқа қатысты пікір білдірді
-
"Қыдекең 2-3 жылдан бері денсаулықпен сыналып жүр": Қарақат Әбілдина Германияға кету себебін түсіндірді
Одан кейін марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың өзінің өнеріне қандай баға бергенін де атап өтті. Қыдырәліге мықтап тапсырған көрінеді.
“Зәкең: “Қыдырәлі, өнер адамы деген – бөлек әлем. Қолыңнан келсе, Қарақатты өзіңмен бірге үлкен сахнаға алып шық, өнер жолынан алыстатпа! Мен сияқты алақаныңа салып аяла! Бұл сондай құрметке лайық бала”, – деп өнерімді оң бағалаған. Аллаға шүкір, аузы дуалы үлкен кісілердің батасын алғаннан жаман болған жоқпыз. Бұндай естеліктерді қалайша ұмытайын?!”, – деді Қарақат.
Еске салайық, Қарақат Әбілдина туған күніне келген сыйлықтарын көрсетіп, жұртқа мақтанған еді.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
