Көлікті мас күйде айдағаны үшін сотталған шенеунік Ақтау әкімінің орынбасары болды
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Әсет Шопанов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/aktau_akimdigi
Қала әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында Әсет Шопановтың орынбасар болғанын жариялады.
Бұған дейін Әсет Шопанов көлікті мас күйінде басқарғаны үшін сотталған еді. Ол 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, оған қатаң сөгіс жарияланды.
Ол кезде Шопанов Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы еді.
Жыл басында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Тілек Қошмағанбетов тағайындалды. 2022 жылы шенеунік күзетшіні соққыға жыққан жанжалды видеодан кейін қызметінен кеткен.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"