Көлікке зақым келгені үшін автосақтандырудан төленетін төлем көлемі артпақ
Елімізде көлікке залал келген жағдайда міндетті автосақтандыру есебінен төленетін төлем көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
Қаржы нарығын реттеу агенттігі өтемақы мөлшеріне қатысты бірқатар өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа қаулыда көлікке зақым келсе, 2 миллион теңгеден 3 жарым миллион теңгеге дейін, жол апаты адам өліміне әкелген жағдайда шамамен 7 жарым миллион теңгеден 18 жарым миллион теңгеге дейін төлету көзделген.
Одан бөлек, жол көлік оқиғасы кезінде көлікке қаншалықты зақым келгенін білу үшін ауыстырылатын көлік бөлшектерінің құнына қатысты бірыңғай баға нұсқаулығы бекітіледі. Агенттік өкілдерінің хабарлауынша, жоспарланған өзгерістер әзірге жан-жақты қаралып жатыр. Заң жобасы жуырда қоғам талқысына ұсынылады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі