Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көліктің айыппұлдары көрсетілген SMS-хабарламалар жібереді: Прокурорлар азаматтарға ескерту жасады

айыппұлФото:depositphotos.com

Бас прокуратура интернетте көлік жүргізушілеріне бағытталған жаңа алдау тәсілі пайда болғанын ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Шын мәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізіледі және барлық қаражатты ұрлау мүмкіндігі туындайды. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.   

"Бүгінгі күні, шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар. Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да берілетінін естеріңізге саламыз. Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!",    делінген хабарламада.  

Осы орайда құзырлы орган қазақстандықтарға мынадай ескерту жасады:

– сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;

– айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз.   

– Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізсеңіз: банк картасын шұғыл бұғаттап, ықтимал алаяқтық фактісі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз;

– құрылғыда вирустың бар-жоғын тексеріңіз.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 12:15
Талқылау