Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталды – БАҚ
Фото: Көлік министрлігі
Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
KazTag порталының мәліметінше, шенеунік 78 мың доллары көлемінде пара алған деген күдікке ілінді. Болжам бойынша, ол қаражатты ұлының Ұлыбританиядағы оқуына және жүріп-тұруына аударған.
Бірақ әзірге ресми түсініктеме берілмеді.
Алайда құқық қорғау органдарындағы дереккөз мұның рас екенін айтқан.
Сәтжан Аблалиев 2023 жылғы қазан айынан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді.
Шенеунік Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Биікжал ауылында дүниеге келген. Ол Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік және коммуникациялар университетін тәмамдап, екі мамандық — инженер-құрылысшы және инженер-экономист бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Ембі мұнайбарлау экспедициясының Орталық инженерлік-техникалық қызметінде оператор-коллектор болып бастаған.
1996–2004 жылдар аралығында Сәтжан Аблалиев Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында қызмет етіп, оқытушыдан бастап оқу бағыттарын басқарушыға дейін жетті.
2004 жылдан 2011 жылға дейін Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінде бірқатар жауапты лауазымдара болған. Осы кезеңде ол баға белгілеу мен жобалау әдістемесі бөліміне, құрылыс және қайта жаңғырту басқармасына, сондай-ақ сыртқы қарыздар мен концессиялық жобалар басқармасына жетекшілік етті. Сонымен қатар Қазақстан жолшылары қауымдастығын басқарды.
2012–2021 жылдары Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2021 жылдан 2023 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2023 жылдың қазан айында Көлік вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
