Көлік тізгінінде отырып телефон қолданғандарға қандай жаза қарастырылған – Министрлік жауап берді
Елімізде көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ережеге бағынбаған жүргізуші 18 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Shutterstock
Бұндай жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса салынатын салым мөлшері 40 мыңға жуықтайды. Дегенмен рөлде отырған азаматқа құлаққап киюге тыйым салынбайды.
Ішкі істер министрлігі жол ережесін сақтамаған жаяу жүргіншінің де жаза арқалайтынын ескерткен. Енді жолды кез келген жерден қиып өткендер жеті мың теңгеден 37 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Ал ережені тағы бұзса, сома екі есеге өседі немесе үш тәулікке қамауға алынады.
Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі елімізде көпқабатты үйдің ауласында көлік жууға және жөндеуге болмайтынын ескерткен еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"