Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік министрінің Асхат Ниязовқа берген сұхбатынан кейін еліміздегі әуе билеттерінің бағасы төмендеген

Астана-Алматы бағытындағы әуе билеттері 9 мың теңгеден басталады. Журналист Асхат Ниязов билет бағасының төмендеуін көлік министрі Марат Қарабаевтың сұхбатымен байланыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com

Марат Қарабаев “Обожаю” арнасына берген сұхбатында елде әуе билеттерінің бағасы 6 мың теңгеден басталып, 15 мың теңгенің арасында екенін айтты.

“Біз сол кезде күліп едік, енді өздеріңіз кіріп билеттердің бағасын көріңіздер. Астанадан Алматыға ұшақ билетін 9 мың теңгеге алуға болады екен. Министрлік министрдің сұхбатының шығуына қатты дайындалса керек”, – деп жазды Асхат Ниязов.

Журналист билеттің бұрынғы бағалары қайтарылмайынша , министрдің билет бағасын айтқан сұхбат үзіндісін шығармайтынын айтты. 

Осыған қатысты көлік министрлігінің “Курсив” басылымына берген жауабында билет бағаларының адам санына, сұранысқа, маусымға, апта күніне және басқа факторларға байланысты екенін айтқан. 

“Сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тасымалдаушылардың рейстері үнемі ашылып жатқанын ұмытпаңыз. Рейстер неғұрлым көп болса, соғұрлым бағалар төмендейді”, – деп мәлімдеді министрлік.

Бұған дейін Көлік министрі Марат Қарабаев ішкі рейстер үшін әуебилеттердің бағасының Еуропадан аса айырмашылық жоғын айтқан еді.

Талқылау